Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Әскер Бейсенов Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, ол осы уақытқа дейін ҚР Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментінің бастығы қызметін атқарды.