29 шіл, 2022 сағат 11:27

Қордайда ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшіcі қайтыс болды


Жамбыл облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі офицерінің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылдың 27 шілдесінде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты екені анықталды.

Аталған факт ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және қажетті көмек көрсету шараларын қабылдап жатыр.