Қордай ауданындағы оқиғада зардап шеккен Төлеген Құдашпаевты ауруханадан шығаруға дайындап жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Кеше біз көпбейінді клиникалық ауруханада жатқан науқастың жағдайын білдік. Ол - қарт кісі. Ақсақалға ота сәтті жасалды. Бүгін ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық. Біз оны ауруханадан шығаруға дайындап жатырмыз», - деді Камалжан Надыров.
Еске салайық, 5 ақпан күні Қордай ауданында ақсақал мен оның ұлдарын соққыға жыққан. Төлеген Құдашпаевты жамбасына ота жасау үшін Алматыға санавиациямен жеткізді.