Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 22 қыркүйек кешімен салыстырғанда 0,56 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425,17 теңге болды.
Ұлттық банктің 23 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 425, 75 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425,02 теңге, сатып алу – 426,53 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,76 теңгеден болса, сатып алу құны – 425, 91 теңге.