15 қаз, 2021 сағат 12:40

Доллар бағамы сәл төмендеді



Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 14 қазан кешімен салыстырғанда 0,14 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425, 63 теңге болды. 

Ұлттық банктің 15 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 425, 77 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425, 32 теңге, сатып алу – 426, 84 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425,12 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 24 теңге.