16 шіл, 2021 сағат 12:23

Қор нарығында доллар бағамы шамалы арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 15 шілде кешімен салыстырғанда 0,10 теңгеге арзандап, 1 доллар 426, 43 теңге болды. 

Ұлттық банктің 16 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 426, 61 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы - 425,99 теңге, сатып алу – 427,53 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 426,28 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 427,35 теңге.