23 мау, 2021 сағат 12:44

Қор нарығында доллар бағамы қымбаттады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 22 маусым кешімен салыстырғанда доллар 0,19 теңгеге өскен. АҚШ доллардың орташа бағамы 426, 50 теңге болды. 

Ұлттық банктің 23 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 426,04 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 426, 31 теңге сатылса, ал сатып алу - 427, 85 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 426, 07 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны - 427, 15 теңге.