03 шіл, 2021 сағат 12:26

Қор нарығында доллар бағамы арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 2 шілде кешімен салыстырғанда 1,72 теңгеге арзандап, 1 доллар 424, 65 теңге болды. 

Ұлттық банктің 3 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 426, 46 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424, 32 теңге, сатып алу – 425, 99 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424, 57 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 426, 07 теңге.