Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 30 маусым кешімен салыстырғанда 1,49 теңгеге арзандап, 1 доллар 425, 82 теңге болды.
Ұлттық банктің 1 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 427, 89 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425, 70 теңге, сатып алу – 427, 28 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425, 48 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 426, 79 теңге.