Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 29 маусым кешімен салыстырғанда 0,03 теңгеге арзандап, 1 доллар 427, 84 теңге болды.
Ұлттық банктің 30 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427, 79 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 427, 25 теңге, сатып алу – 428, 76 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 427, 28 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 428, 42 теңге.
Айта кетейік, кеше АҚШ ақшасы 1,83 теңгеге қымбаттаған болатын.