20 мау, 2022 сағат 17:57

Қор нарығында доллар арзандады


Доллар бағамы қайта төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" KASE қор нарығының деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,65 теңгеге төмендеп, 443,26 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 20 маусымдағы ресми бағамы 446,87 теңгеге тең еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пунктерінде доллардың орташа бағамы - 443,83 теңге, ал сатылымда - 448,12 теңге. Нұр-Cұлтандағы айырбас пунктерінде долларды орта есеппен 441,17 теңгеден сатып алып, 443,78 теңгеден сатып жатыр.