Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 5 қаңтардың кешімен салыстырғанда 1,88 теңгеге құлдырап, 1 доллардың құны 418,95 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 6 қаңтардағы ресми бағамы: 1 доллар - 420,78 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 420,35 теңгеден саудаланса, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 420,11 теңгеден сатылып жатыр.