Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 19 ақпан кешімен салыстырғанда 0,97 теңгеге құлдырап, 1 доллардың құны 416,87 теңге болған.
Ұлттық банктің 22 ақпандағы ресми бағамы: 1 доллар - 417,97 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 416,37 теңгеден сатылса, ал сатып алу - 417,89 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 415,84 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 417,06 теңге.