Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша,теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды Kurs.kz.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 15 ақпан кешімен салыстырғанда 0,23 теңгеге құлдырап, 1 доллардың құны 416,69 теңге болған. Ұлттық банктің 16 ақпандағы ресми бағамы: 1 доллар - 416,87 теңге.
Бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 416,52 теңгеден сатылса, ал сатып алу - 418,03 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 416,01 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 417,12теңге.