23 ақп, 2021 сағат 10:01

Қор биржасында доллар арзандап, теңге нығайды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды Kurs.kz.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 22 ақпан кешімен салыстырғанда 1,47 теңгеге құлдырап, 1 доллардың құны 415,05 теңге болған.

Бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 414,61 теңгеден сатылса, ал сатып алу - 416,23 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 414,77 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 415,97 теңге.

Айта кетейік, АҚШ доллары бірнеше күн қатарынан төмендеп жатыр. Кеше 22 ақпан күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы 0,97 теңгеге құлдырап, 1 доллардың құны 416,87 теңге болған.