26 сәу, 2021 сағат 09:19

Қор биржасында доллар арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 23 сәуір кешімен салыстырғанда 0,95 теңгеге арзандап, 1 доллардың құны 429,76 теңге болды.

Ұлттық банктің 26 сәуірдегі ресми бағамы: 1 доллар – 430,76 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 430,97 теңгеден саудалануда, сатып алу бағасы – 429,46 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 429,11 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 420,23 теңге.