Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды Kurs.kz.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 24 ақпан кешімен салыстырғанда 1,17 теңгеге құлдырап, 1 доллардың құны 414,36 теңге болған.
Ұлттық банктің 25 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 415,57 теңге.
Бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 413,99 теңгеден сатылса, ал сатып алу – 415,50 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 413,96 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 415,06 теңге.
Айта кетейік, АҚШ доллары бірнеше күн қатарынан төмендеп жатыр.
Кеше 23 ақпан күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1,47 теңгеге құлдырап, 1 доллардың құны 415,05 болған.