01 там, 2024 сағат 11:33

Көпбалалы тараздық әйелін тірідей өртеп жіберген соң өзіне қол салған


30 шілде түнде Шалғай Қарасу ауданында жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға орнына келген құтқарушылар үйден әйелді шығарып, ауруханаға жеткізген, алайда ол көп ұзамай қайтыс болды. Марқұмды жақында түрмеден шыққан жұбайы жазалағаны белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Orda.kz басылымына сілтеме жасап.

Өрт туралы хабарлама ТЖД-на түнгі 11-де келіп түсті. 100 шаршы метрді шарпыған өрт 30 минут бойы сөндірілді. Құтқарушылар өрттің себебі - қасақана өртеу болуы мүмкін дейді.

"Жедел жәрдем 1980 жылы туған әйелді ауыр жағдайда, термиялық күйікпен ауруханаға жеткізді. Осы өрт бойынша жиналған құжаттар ПБ-2-ге тапсырылды. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД.


Қайтыс болған әйел алты баланың анасы болып шықты. Қайғылы оқиғадан кейін полиция жұбайын іздей бастады. Алайда ер адам қайғылы оқиға болған жерден өлі күйінде табылды. Біздің ақпаратымызға сәйкес, көп балалы әке әйеліне бензин құйып, өртеп жіберген соң өзі барып асылып қалған. 

"54 жастағы ер адам жақында түрмеден босап шыққан. Әйелімен тұрмыстық жанжал кезінде ол үйді өртеп жіберген. Әйел алған күйіктерінен ауруханада қайтыс болды. Күдіктінің қайтыс болғаны анықталды, өлімнің алдын-ала себебі — суицид", - деп түсіндірді ПД.


Полицейлер барлық қажетті сараптамаларды тағайындап, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауда.