Мемлекет басшысы Алматы облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Қонаевта академиялық қалашық құру мәселесін көтерді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Президент Алматыға шамадан тыс жүктемені азайту үшін келешекте Қонаевта «академиялық қалашық» құру идеясын ұсынды.
«Қонаев ғылым-білім орталығына және студент жастардың қаласына айналуы керек. Қазір жоғары оқу орындарының көбі Алматыда орналасқан. Бұл халық онсыз да тығыз қоныстанған қаланың ахуалына өз әсерін тигізеді. Онда көлік кептелісі көп. Жатақхана және қолжетімді баспана тапшылығы бар. Шаһардың ауасы да ластанып барады.
Осының бәрін ескере отырып, Қонаевта «академиялық қалашық» құру мәселесін қарастырған жөн деп санаймын. Ірі қалалардың жанынан инновациялық орталық құрған елдер аз емес. Үкімет бұл мәселе бойынша жаңа жылға дейін нақты ұсыныс беруі керек» - деді Тоқаев,