Алматы облысында 12 жастағы қызға шабуыл жасап, тонаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, оқиға Қонаевта болған. 21 мамырда 36 жастағы жергілікті тұрғын полицияға 12 жастағы қызын тонап кеткені туралы арызбен жүгінген. Мектеп оқушысына көпқабатты тұрғын үй кіреберісінде ересек ер адам шабуыл жасап, ұялы телефон мен құлаққабын тартып алған.