27 мау, 2024 сағат 13:07

Қонаев қаласында атыс болып, бір жас жігіт қаза тапты

Сурет: ашық дереккөз

Алматы облысы Қонаев қаласында жас жігіттер арасында атыс болды. Бірнеше адам жарақат алып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. 

"Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қылмыс жасады деген күдікті адамдарды ұстауға бағытталған кешенді іс-шаралар өтіп жатыр. Тергеу жалғасады және облыстық департамент басшылығының жеке бақылауында", - делінген хабарламада.


Алдын ала мәлімет бойынша екі адам іздеуде. 

"Тергеу - облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында", - деп атап өтті полиция қызметкерлері.