Фото: Қонаев әкімдігі
WhatsApp мессенджерінде Қонаев әкімі Асхат Бердіхановтың атынан азаматтарға түсініксіз хабарламалар келіп жатыр, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан бәзбіреулер WhatsApp желісінде хабарламалар таратып жатқаны анықталды. Мұндай хабарларды интернет-алаяқтар жібереді. Қонаев қаласы тұрғындарынан жалған ақпаратқа сеніп, бейтаныс нөмірге ақша жібермеулерін және жолданған сілтемелерге өтпеуін сұраймыз. Шаһар басшысының іnstagram желісінде ғана ресми аккаунты бар @berdikhanov_askhat барлық жаңалық осы аккаунтта ғана жарияланады", - хабарлады қалалық әкімдіктен.