Мемлекеттік комиссия Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауына себеп болған нұсқаларды зерттеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында ҚР Қарулы күштері ҚР әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосановтың айтуына қарағанда, ҚР заңына сәйкес, көз жұмған әскери қызметшілердің отбасына бір жолғы өтемақы беріледі. Бұл - оның 5 жылдық жұмысы бойынша жалақысы. Сонымен бірге, отбасылар қызметтік баспананы қайтарымсыз заңдастырып алуға құқылы. Жерлеу рәсімі бойынша барлық шығындар өтеледі. Сондай-ақ, отбасында қанша адамның болуына байланысты баспанаға қатысты өтемақы төленеді. Бұл адам басына қарай әр әскери қызметшінің отбасына әртүрлі өтемақы берілмек.
«Ми-8 - 1988 шығарылған тікұшақ. Алматы қаласындағы №405 авиажөндеу зауытында күрделі жөндеуден өткен. Зауыттан шыққаннан кейін тікұшаққа әуеде 2000 сағат немесе 8 жыл ұшу ресурсы беріледі. Бүгінге дейін тікұшақ әуеде 773 сағат ұшқан. Техникалық тұрғыда тікұшақ ақаусыз. Мемлекеттік комиссия тергеу жүргізіп жатқандықтан, Ми-8 типті тікұшақтардың ұшуы тоқтатылды. Апта бойы олар техникалық тексерістен өтеді. Ми-8 - посткеңестік елдердің ішінде ғана емес, бүкіл әлемдегі ең адам көп сияқтын тікұшақ саналады. Ең қарапайым әрі сенімді тікұшақ. Қазіргі таңда біз Ми-17 және Ми-171 тікұшақтарын, сонымен бірге Ми-35 жауынгерлік тікұшақтарын сатып алудамыз. Жоспарлы жұмыстар жүруде», - дейді Дәурен Қосанов.
Ол Мемлекеттк комиссия тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын атап өтті.
«Нәтижесі ресми түрде хабарланады. Барлық себептер саралануда: техниканың істемей қалуы, адами фактор және метеожағдай. Мен комиссия мүшесі емеспін. Сол себепті, ол жайында пікір білдіруге қақым жоқ. Қара жәшік мемлекеттік комиссияда. Оны тексеру құығы бізде жоқ», - дейді Дәурен Қосанов.
Еске сала кетсек, ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі бұған дейін Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған болатын.
Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, аталған тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғыда әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.
Тікұшақта болған 13 адам қаза тапты.