09 мау, 2022 сағат 11:20

"Көмековтер" ұйымдасқан қылмыстық тобы сотталды


"Көмековтер" ұйымдасқан қылмыстық тобы сотталды, - деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті "Көмековтер" ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеді.

"Көмековтер ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 белсенді мүшесін басқарғаны, олардың әрқайсы жалған кәсіпорындардың тұтас желісі арқылы іс жүзінде жұмыс істемей, шот-фактураларды берудің қылмыстық схемасында белгіленген қызмет жасағаны анықталды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекет бюджетіне салық түріндегі 1 миллиард теңгеден астам қаражат түспеген.

"Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың кеңсесін және 17 миллион теңгеден астам қаражатты тәркілеумен қатар, мемлекеттік кірістер органдарының 10 миллиард теңгеден астам сомаға келтірілген залал сомасын өтеп беру туралы азаматтық талап арызын да қанағаттандырды.

Сот үкімі бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылар түзеу мекемелерінде 3 жылдан 5 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Көмековтердің қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 7 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.