23 сәу, 2018 сағат 14:53

Көлсай өзені маңындағы тау көшкіні (Видео)

Алматы облысында Көлсай көлдерінің маңындағы тау көшкінінің видеолары сәт сайын әлеуметтік желіде таралап жатыр. Көшкіннің жылдамдығы сағатына бір метр, қазір Көлсай өзеніне жетіп қалған.

Тау көшкінінің қозғалысы 19 сәуірде Көлсай көлдерінің маңында байқалған. Оқиға орнына мамандар мен арнайы техника жөнелтіліп, жедел штаб құрылды. 

Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың сөзіне сүйенсек, 8 сәуірде сол маңда болған жер сілкінісі тау көшкініне себеп болуы мүмкін.