ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін «Алтын-Емел», «Көлсай көлдері» және «Шарын» ұлттық парктерінің учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге арналған конкурстардың нәтижелерін жариялады.
Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті инвесторлардан 6 өтінім түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Экология министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
«Конкурстық құжаттардың жобалары аталған ұлттық парктердің ресми интернет-ресурстарында орналастырылғанын, әр ұлттық парк бойынша конкурстарға қатысушылармен алдын ала талқылаулар жүргізілгенін атап өткен жөн. Өткізілген конкурстар нәтижесінде «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша «Таунтон Плюс» ЖШС құрамындағы консорциум атынан «QazaqGeography» РҚБ, «Көлсай көлдері» бойынша «Атырау-Рент» ЖШС, «Алтын–Емел» бойынша «Asemtal» ЖШС құрамындағы консорциум атынан «QazaqGeography» РҚБ өткізілген жеңімпаздар болып танылды»,-делінген хабарламада.