Керчь қаласындағы политехникалық колледжде теракт жасады деген күдікті өз-өзіне қол жұмсады. Ол осы оқу орнының төртінші курс студенті екен. Бұл туралы Қырым басшысы Сергей Аксенов хабарлады, деп жазады Sputnik РИА Новости-ға сілтеме жасап.
"Күдікті өз-өзін атып өлтірді, жасы 22-де еді. Денесі екінші қабаттағы кітапханадан табылды", — деп мәлімет берді Аксенов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қылмыскер ғимаратқа кіріп, колледждегі адамдарға оқ жаудырады, кейін жарылғыш затты қолданған.
Керчь қаласындағы қайғылы оқиға жаппай кісі өлтіру деп аталды
Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко хабарлағандай, Керчь қаласындағы жарылысқа байланысты екі немесе одан да көп тұлғаны жалпыға қауіпті әдіспен өлтіру деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бұрын Керчьтегі оқиға теракт деп аталғаны туралы ақпарат шыққан.
Ресей президенті Владимир Путин қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.
"Жарылыстан адамдар ажал құшты, зардап шеккендер көп. Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтқым келеді, зардап шеккендер тез арада сауығып кетсін деп тілеймін. Ол үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", — деді Путин Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сисимен келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ алдында сөйлеген сөзінде.
Қырымның денсаулық сақтау министрлігі хабарламасына сүйенсек, қазір Қырым ауруханаларында 37 зардап шегуші жатыр. Құрбандар саны 10-нан 19-ға жетті.