Фото: Видеодан криншот
Батыс Қазақстан индустриялық колледж директоры жалған студенттер үшін стипендия алып келген, деп хабарлайды Ult.kz тілшісі Jagdai kz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Тексеру барысында сабаққа қатыспайтын, бірақ білім алушы ретінде тіркелген «студенттерге», бағалар қойылып, кей жағдайда көтеріңкі стипендия алған.
54 жалған студент анықталды.
Осы «студенттердің» банктік карталары директордың немесе онымен байланысы бар адамдардың қолында болып, олар ақшаны шешіп алып, өз қалауынша пайдаланып отырған.
Тергеу мәліметінше, 49 млн теңгеден аса қаржы жымқырылған.
Директор үйқамаққа алынған, оның пәтеріне arrest қойылды.
