17 мам, 2023 сағат 12:43

Көліктердің алдына секіріп ойнаған оқушының ата-анасы жазаланды


Алматы облысында орта мектеп оқушысы жолда өтіп бара жатқан көліктердің алдына секіріп ойнаған. Оның "экстремал" әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды. 

Алматы облысы Полиция департаменті баланың жеке басы анықталғанын хабарлады. Ол Казцик ауылындағы №6 мектептің оқушысы болып шықты.

"2010 жылы туған кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ҚР ӘҚБТк-нің 127-бабы "Тәрбие және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғаңыздар", - дейді полиция өкілдері.

Тәртіп сақшылары әр ата-ана баласының тәрбиесіне жауапты болуға, оның ішінде жолда жүру ережелерін үйретуге міндетті екенін атап өтті.