Қостанай облысындағы Қашар кентінің әкімі бюджет қаржысын жымқырған деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рудный қаласына қарасты Қашар кентінің әкімі мекеме тіркеуінде тұрған қызметтік автокөлікті жөндеуге бөлінген 1 464 000 теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімге қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін бастады
«Нақты іске келгенде автокөлік жөндеуден өтпеген. Күдікті соған қарамастан жоғарыда көрсетілген көлемдегі қаржыны жымқыру үшін жеке кәсіпкердің есепшотына аударып жіберген. Қазір тергеу жүріп жатыр»,- делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің ақпаратында.