04 там, 2025 сағат 11:03

Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды

Фото: ашық дереккөз

ҚР Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев пара алу күдігімен қамауға алынды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Көлік вице-министрін пара алу күдігі бойынша ұстады. Сот санкциясымен ол қамауға алынды», – делінген хабарламада.


ҰҚК мәліметінше, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.