Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 2 млрд тоннаны құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Көлік саласы коронавирус инфекциясы індетінен кейін әлі қалпына келген жоқ. Есептік кезеңде нақты көлем индексі 96,9% құрады. Транзиттік контейнерлік тасымалда оң динамика сақталды. Көрсеткіш 625,6 мың жиырма фунттық баламаны құрады. Өсім 37% болды», - деді Өскенбаев.
Оның айтуынша, көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 2 млрд тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96,8 пайызды құрады.