11 сәу, 2022 сағат 11:56

Көлігін балалар алаңына қойған әйел Желідегі видеодан кейін жазаланды

Фото: Tengrinews.kz

Алматыда әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін балалар алаңына көлігін қойған әйел жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының жедел-іздестіру жұмыстары жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахмановтың айтуынша, әлеуметтік желіде әйел көлігін балалар алаңына қойып жатқаны түсірілген видеоның астына көптеген қолданушылар полицияны белгілеген.

Аталған факт бойынша тексеруді Алматы қалалық ІІД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жүргізген. Оқиғаға Mitsubishi Outlander көлігінің 1986 жылғы иесі кінәлі деп танылып, ол ҚР ҚК 597-бабының 2-бөлігімен "Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылған.

Әбдірахманов мұндай әрекетке жол беруге болмайтынын еске салды.