Полиция Көктөбедегі өрттен қаза болған адам өліміне қатысты тергеуді бастады. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінде хабарлады.
«Сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде тіркелген қылмыстық іс аясында Алматы полицейлері қаза болған адамның кім екенін анықтап жатыр», - деп хабарлады полицияда.
Сот-медициналық және тағы басқа сараптамалық зерттеулер тағайындалған. Оның нәтижесінде адамның неден қаза болғанын нақты айтуға болады.
Айта кету керек, Көктөбе тауындағы құрғақ шөп кеше өртенген болатын. Төтенше жағдайды ауыздықтау үшін тікұшақтар іске қосылды. Тілсіз жау 10 гектар аумақты шарпыды.
Кейін оқиға орнына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев барған болатын.