Биыл егіс жұмыстарын жүргізуге 400 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында мәлім етті.
«Биыл егіс жұмыстарын жүргізуге 400 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мың тоннаға артық.
Қазіргі уақытта облыс әкімдіктері кейіннен ауыл шаруашылығы тауарын өнімдерін өткізе отырып, мұнай өңдеу зауытынан өңірлерге дизель отынын сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ететін операторларды айқындау жөніндегі іс-шараларды аяқтауда. Оңтүстік өңірлерде жүк тиеу басталды», - деді министрдің орынбасары.
Оның дерегі бойынша, сараптамаға 1,5 млн тонна жаздық дақылдар тұқымы келіп түскен.
«Оның 1,3 млн тоннасы немесе 90% тексерілді. Тексерілген тұқым көлемінің 99%-ы кондициялы деп танылса, 89,3% егіс стандартының 1 және 2-класына сәйкес келеді.
Соңғы бес жылда тұқым өндірушілерді егіс техникасымен қамтамасыз ету 70%-дан 89,4%-ға дейін, егін жинау 80%-дан 92%-ға дейін, тұқым тазалау 63%-дан 81,4%-ға дейін өскенін атап өткен жөн.
Бұл ретте тұқым өндірушілердің материалдық-техникалық базасын жаңартудың өсу қарқыны соңғы жылдарға келеді. Осылайша, республиканың барлық дерлік аймақтарында заманауи тұқым тазарту кешендерімен жабдықталған алдыңғы қатарлы тұқым шаруашылықтары бар.
Өткен жылдың ауа-райы жағдайы тұқымның саны мен сапасына әсер етті. Сондықтан бұл мәселені әкімдіктер ерекше бақылауда ұстауы қажет», - деді Айдарбек Сапаров.