17 қаз, 2019 сағат 12:31

Көкшетаулық "Eljastar" театры жаңа маусымын "Армандар кемесі" қойылымымен ашты

Көкшетауда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және  Жастар жылы аясында жаңа сахна – "Eljastar" эксперименталды-лабораториялық театр ашылды, онда жас режиссерлер эксперименталды спектакльдерін қоя алады.

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің қабырғасында жас актерлер жаңа театр маусымын башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтың "Тастамашы мені, ана!" шығармасының желісі бойынша "Армандар кемесі" қойылымымен ашты. Труппа құрамына колледж түлектері мен студенттері кірді.

Қазақ тіліне аударылған шығарманың авторы - ақын, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, "Мөлдір бұлақ" журналының бас редакторының орынбасары Саят Қамшыгер.

Актерлердің креативті оқуы, эмоциялық ойыны, қойылым режиссері Фархадбек Қанафиннің кәсібилігі көрермендерге шығарманың атмосферасы мен мазмұнын жеткізе білді.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында театр Ақтөбе қаласында өткен ІV Халықаралық "Балауса" фестивалінің қатысушысы болып, "Өзекті сахналық тілді іздегені үшін" номинациясына ие болды.

Театр актерлері "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан іс-шараларға белсене қатысады.

Жақын арада шығармашылық ұжым қаланың оқу орындарында спектакль қояды. Алдағы уақытта да облыстың аудандары мен қалалары бойынша тур өткізуді жоспарлап отыр.