Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiн мерекелеу қарсаңында Ақмола облысының әкiмдiгiнде қоғам, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның қатысуымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жарық көрген «Жер жәннаты» фотокiтабының тұсаукесерi өттi.
«Бүгiнде облыс ауыл шаруашылығының, индустриялық сектордың және туризмнiң тұрақты экономикалық өсу үрдiсiмен Қазақстанның негiзгi өңiрлерiнiң бiрi болып табылады. Кiтап бiздiң өңiрiмiздiң дамуының басты кезеңдерi мен тарихи игiлiктерiн бейнелейтiн Ақмола облысының жылнамасы деп, — атап өттi облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин.
Көркем-суреттi кiтап қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде «Алтын кiтап» баспасынан жарық көрiп отыр.
Баспаның директоры Вячеслав Титенев атап өткендей, Ақмола облысы көп нәрселермен мақтана алады. Өңiр — республикадағы бiрегей, даңқты тарихи өткенкенi бар, бай табиғи ресурстарға, қолайлы географиялық орналасуы мен инвестициялық климатқа ие.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетi, облыстық кiтапхана және облыстық тарихи-өлкетану мұражайы — облыс басшысы бiрегей энциклопедияларды табыс еткен алғашқылар болды. Сондай-ақ Мәлiк Кеңесбайұлы кiтаптың даналарын аудандарға, қалаларға, ЖОО және Ақмола облысының мұрағат қорларына жiберудi тапсырды.
Тұсаукесер соңында облыс жұртшылығы фолиант Ақмола облысы туралы ақпараттың құнды көзiне айналатынына сенiм бiлдiрдi.
Айта кету керек, биылғы жылы Ақмола облысында бiрқатар әдеби басылымдар шығарылды: Кеңес Одағының Батыры, жазушы Мәлiк Ғабдуллиннiң 11 томдық шығармалар жинағы және «Мәлiк Ғабдуллин — Ұлы даланың мақтанышы» альбом-кiтабы, профессор Қадыржан Әбуевтың «Ақмола облысының тарих және мәдениет қайраткерлерi» атты библиографиялық очерктерi, жазушы-публицист Жабал Ерғалиевтiң «Әлемге! Ғарышқа! Болашаққа жол ашқан Тұңғыш!» кiтабы Лондонда Сәкен Жүнiсовтiң «Zamanai and Amanai» повесi ағылшын тiлiнде жарыққа шықты.