Көкшетауда нөсер жауын салдарынан 20 тұрғын үйді су басты. Бұл туралы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.
Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 29 шілдеде Көкшетауда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 60 аула аумағын жаңбыр суы басқан, оның ішінде 20-сы тұрғын үй.
"Бірден Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының нұсқауымен жедел штаб жұмылдырылды. Жаңбыр суын сору жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін мекенжайларды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта су басқан 20 тұрғын үйдің үшеуінде су сорылды. Жұмыс жалғасып жатыр", - деді ТЖД өкілдері.