16 қаз, 2019 сағат 16:39

Көкшетауда Сәкен Сейфулиннің 125 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды

Бүгін Ақмола облысында қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, көрнекті мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Кербез Көкшенің ақиығы – Сәкен Сейфуллин» атты ғылыми конференция өтті. Іс-шараға қатысу үшін Көкшетауға Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан белгілі қоғам қайртакерлері, еліміздің жетекші ғалымдары, сәкентанушылар келді, - деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өзінің құттықтау сөзінде Сәкен Сейфуллиннің мерейтойын мерекелеу іргелі оқиға болып табылатынын және қазақстандықтардың рухани өмірін арттыруға бағытталғанын атап өтті. «Сәкен Сейфуллин - ел тарихында жарқын із қалдырған айтулы тұлға. Оның өмірі мен бай шығармашылық мұрасын зерттеу мен көпшілікке тарату өте маңызды», – деп атап өтті аймақ басшысы.

Облыс әкімінің бастамасымен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің базасында Тұрсынбек Кәкішев орталығы ашылады. Тұрсынбек Кәкішев Ақмола облысының тумасы, филология ғылымдарының докторы, сәкентануға үлкен үлес қосқан. Сәкен туралы Тұрсынбек Кәкішев 16 ғылыми-зерттеу кітабын жазды. Қазақ классиктерінің арасында Абай мен Сәкен Сейфуллиннің ғана өмірбаяны терең зерттелген. «Тұрсынбек Кәкішев әдебиет туралы ғылымның түрлі мәселелерімен айналысты. Ал Сәкен Сейфуллиннің өмірінен алынған беттерді зерттеу ең алдымен оның хоббиі болды», - деді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Күләш Ахметова.

Сондай-ақ, Сәкен Сейфуллиннің қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі туралы қоғам қайраткері, Сәкен Сейфуллин қорының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, ақын және жазушы, Сәкен Сейфулиннің туған інісінің немересі, ақын, жазушы, С. Сейфуллин музейінің директоры Несіпбек Айытұлы, ҚарМУ профессоры, ф.ғ.д. Жандос Смағұлов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, ф.ғ.д. Аманжол Әлтаев, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ доценті Сәбит Жамбек, театр сахнасында және деректі фильмдерде Сәкен рөлін сомдаған актер, драматург, Қанат Жүнісов айтып өтті.

Сәкен Сейфуллиннің есімі ақмолалықтар үшін өте ардақты. «Көкшетау» поэмасында ол Бурабайдың әсем табиғатын жырлаған. Сәкен қазақ мерзімді баспасөзінің бастауында тұрды. Оның қатысуымен «Тіршілік» газеті пайда болған. Ал қазіргі таңда ол газет «Арқа ажары» атауымен облыс аумағында шығуын жалғастыруда. Ақмола облысын Сейфуллиндер отбасының тағдырындағы қайғылы сәттер де айналып өтпеді. Көкшетауда мұсылман зиратында оның ұлы Аян жерленген. Аян кішкентай кезінде Сәкен Сейфулиннің жұбайы Сәкен Гүлбахрамның қолында Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагеріне баратын жолда  қайтыс болған.

Ұлы ақын және ойшыл Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған салтанатты жиын шарасында Көкшетауда өңіраралық «Сыр-сандықты ашып қара» атты мүшайра - ақындардың байқауы өтеді.

Жарысқа Астана, Петропавл, Павлодар қалаларынан және Ақмола облысының түкпір-түкпірінен келген 22 адам қатысады. Олар қазақ поэзиясының көрнекті классикінің өмірі мен шығармашылығы туралы өз өлеңдерін, сондай-ақ еркін тақырыптағы шығармаларды ұсынады.

«Сәкен Сейфуллиннің шығармаларында жастарға қажетті патриоттық негіз қаланған. Бұл кредо шығармашылығы құнды және маңызды болып табылатын өз заманындағы дауылпаздықтың өмірлік жолына қатысты», – деп атап өтті ақындық жекпе-жекті ұйымдастырушылар.