Көкшетауда мас әйел балалар ауруханасында жанжал шығарды
Сурет: 716.kz
Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды. Ол мас күйінде көпбейінді облыстық балалар ауруханасының бөлімшелерінің біріне кіріп, қызметкерлермен ұрысып, төбелескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz716.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, бұл дәрігерлерге жасалған алғашқы шабуыл емес. Медициналық мекеме директоры Серікжан Сабыралиев науқас тарапынан көрсетілген әрекеттің тағы бір дерегін бөлісті.
Мекеме басшысы наурыздың басында ауруханада балалар үйінен жіберілген 10 жастағы бала жоспарлы емделгенін айтты. Ол ауруханаға түскен күні бұрын ата-ана құқығынан айырылған баланың анасы да пайда болған.
"Әйел адам баланы алып кеткісі келді, оның ауруханаға жатқызылатынына келіспеді. Бірақ дәрігер анасына емдеу жоспарын айтып, ауруханаға келу тәртібін түсіндірді", - деді дәрігер.
Алайда әйел бірнеше күннен кейін ауруханаға мас күйінде келген. Келушілерге арналған тәртіпті бұзып, бөлімге кірген. Видеодан әйел медициналық мекемеде төбелес шығарып, әдепсіз сөйлеп, дәрігерлерге күш қолданғаны көрсетілген. Мұның бәрі балалар бөлімінде, балалардың көзінше болған.
Оқиға орнына шақырту бойынша келген полицейлер әйелді тыныштандырған.
2021 жылы әйел сот шешімімен ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны және ішімдік ішкені үшін ата-ана құқығынан шектелген. Бала сот шешімімен қорғаншылық органдарына, ал кейін балалар үйіне берілген.
Әйел бұзақылық үшін қайта сотталып отыр (бұрын ол сол бап бойынша жауапқа тартылған).
Көкшетау қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2022 жылғы 16 наурыздағы қаулысы бойынша Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.