Көкшетау қаласына алғашқы қар түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Түнде басталған қар толассыз жауып, қаланы ақ ұлпаға көмкеріп тастады. Осының салдарынан тұрғындардың жүріп-тұруы мен көлік қатынасы біршама қиындады. Қаланың орталық көшелерінде көлік кептелістері орын алуда.
Синоптиктер өңірде алдағы күндері күн суытатын болжауда.
Қазіргі кезде Көкшетауда ауа температурасы минус 2 градусты көрсетіп тұр.