22 қараша күні Көкшетау қаласында Өңірлік коммуникация қызметі алаңында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Сәкен сері Жүнісовтің "Ақан сері" романының желісі бойынша аудиокітабы таныстырылды.
Жоба Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының бастамасымен "Рухани жаңғыру" өңірлік жобалық кеңсесі және "El Jastar" театрымен жүзеге асты.
Бұл бастаманың мақсаты - қазақстандықтардың жаңа буынын патриоттыққа тәрбиелеу, отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.
Іс-шараға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшылығы, БАҚ, мәдениет, қоғам өкілдері және қаланың студент жастары қатысты.
"Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асырудағы жаңа тәсілдерді қолдану, шығармашылық және тиімді жобаларды жасау кезеңі қарқындап келеді. Осыған байланысты біз әрқашан бастамашыл жастарды қолдаймыз"- деп атап өткен болатын ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова.
Аудиокітапты жазуға шамамен 4 апта уақыт кетті. Аудиокітап "жанды дауыспен" оқу арқылы, атап айтқанда, "Zhakondra Films" студиясында "El Jastar" театрының актерлерімен жазылған болатын.
"Аудиокітапта романның қызықты үзінділері топтастырылған. Біздің басты мақсатымыз - жастарды осы жұмысқа қызықтыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру болып келеді", - деп айтты Өңірлік жобалық кеңсенің басшысы Қайрат Сейтқазин.
Қазіргі уақытта Е. Мырзахметовтың "Медет" кітабының желісі бойынша жазба жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Ақмола облысы ақын-жазушыларының шығармалары негізінде тағы да 9 аудиокітап шығару жоспарланған.