23 шіл, 2024 сағат 18:33

Көкшетау полицейлері вейптерді заңсыз сату фактісін тоқтатты


Көкшетауда полиция қызметкерлері вейптерді заңсыз сатуды тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 шілдеде Көкшетау қаласындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті массаж салоны әкімшісінің вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады. Әйел ойын-сауық мекемесінің клиенттеріне тыйым салынған тауарларды сатқаны анықталды.

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 301-1-бабы 1-бөлігі (Электрондық тұтыну жүйелерінің айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер 20 маусымынан бастап ҚР заңнамасымен шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салынғанын еске салады.

Вейптердің заңсыз саудасымен күресу үшін полиция қызметкерлері рейдтік және алдын алу іс-шараларын жүргізуде, интернет-кеңістікке бақылау күшейтілді.

Құқық қорғау органдары азаматтарды күдікті адамдар мен заңсыз сату жүзеге асырылуы мүмкін жерлер туралы хабарлауға шақырады.