Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен және қалалық мәслихат депутаттары келісімінің негізінде Амангелдi Халауденұлы Смайылов Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды.
Ол бұған дейін Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары қызметiн атқарған болатын.
Айта кетсек, Амангелдi Халауденұлы Смайылов 1962 жылғы 9 желтоқсанда, Омбы облысы, Шарбақкөл ауданы, Мырзаболат ауылында туды. Инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бiлiмi жоғары.
Еңбек қызметiн 1979 жылы Александровский құс совхозында электромонтер оқушысы ретiнде бастаған.
1981 жылдан бастап 1983 жылға дейiн КСРО МҚК ШӘ қатарында өткiздi, 1983 жылдан бастап 1988 жылға дейiн В.В.Куйбышев атындағы Сiбiр автомобиль-жол институтында оқыды.
1988-1993 жылдар аралығында Омбы-Дәуiт карьер басқармасында шеберден бастап бас инженер лауазымына дейiнгi жолды өттi, 1993-1998 жылдар арасында «Ритм» ЖШС директоры, 1998-2005 жылдар аралығында «Реал НГП» ЖШС директоры, 2006 жылы «СК Ауыл газ» ЖШС директоры лауазымын атқарды, 2011 жылы «ЕNKI» ЖШС басқарды.
2014 жылдан бастап 2017 жылға дейiн мемлекеттiк қызметте Көкшетау қаласы әкiмi орынбасарының, Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының лауазымын атқарды.
Мемлекеттiк наградалары бар, соның iшiнде «Құрмет» Орденi (2012 жыл), сонымен қатар медальдармен марапатталған.