29 нау, 2022 сағат 12:07

ҚМДБ ораза және намаз кестесін жариялады


Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы 2022 жылғы ораза кестесін жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл қасиетті Рамазан айының бірінші күні 2 сәуірге тура келеді.

ҚМДБ мәліметінше, биыл Рамазан айы 30 күнге созылады. 2 сәуір алғашқы күні болса, 1 мамыр соңғы күні. 2 мамырда ораза айты басталады.

Сәуірдің 28-інен 29-ына қараған түн - Қадір түні.

Сондай-ақ, биылғы пітір садақа мөлшері 500 теңге болып бекітілді. Оны мешітте және банк қосымшалары арқылы төлеуге болады. 


Өзге өңірлердегі ораза және намаз уақыттарын ҚМДБ сайтынан жүктеп алуға болады.