Фото: facebook.com/cpcpipe
Ауа райы жағдайының тұрақтануы Каспий құбыр консорциумына 2023 жылдың 22 ақпанында компанияның теңіз терминалында мұнайды ауыстырып тиеуді қалпына келтіруге мүмкіндік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы КҚК сайтына сілтеме жасап.
"Мұнай өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жағалау сызығынан 5 шақырым қашықтағы айлақ қондырғылары арқылы жөнелтіледі. ТЛУ конструкциясы мұнайды құрлықта тиеудің дәстүрлі жүйелері қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты операцияларды тоқтатуға мәжбүр болғанда, ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Бұл ретте компания ТЛУ-ға ауа райына қатысты шектеулер қолданылатынын атап өтті. Мысалы, ТЛУ-да арқандап байлау жұмыстары және шлангтарды танкерге көтеру теңіз толқындары 2,5 метрге дейін және желдің екпіні секундына 23 метрден аспайтын кезде жүзеге асырылады.