Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Қазақстанда Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалындағы жағдайға байланысты жанар-жағармай, оның ішінде бензин бағасы төмендеуі мүмкін. Мұнай-газ нарығының сарапшысы Сергей Смирнов пікірін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Осылай істеуге мәжбүр болады. Есіңізде болса, Ресей Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына көшіп, ал біз Еуро-2 және Еуро-3 өндірген кезде осындай болған. Ресей Еуро-4-тен төмен мұнай өнімдері айналымына тыйым салғанда, бізде қор көбейді, содан кейін баға төмендеді. Бұл Қазақстанның ішкі нарығында қордың көбеюіне байланысты. Ол қайда барады? Олар не зауыттар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады, өйткені мұнай қоймалары толып қалады немесе мұнай өнімдерінің сатып алынған қоры тұтынылуы үшін бағаны төмендетеді", - деді Смирнов.
Бір күн бұрын Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалында мұнай құю толығымен тоқтатылды, бірақ цистерналар бейсенбінің аяғына дейін ғана жұмыс істейтіні белгілі болды. Бұл туралы РИА Новости КҚК басшысы Николай Горбанға сілтеме жасап хабарлады. Қазақстандық сарапшы Сергей Смирновтың айтуынша, мұнайдың бір бөлігі біздің зауыттарға "келеді".
"Мұнай қоймаларында жүктеме олады, оларды босату және зауыттар жұмысын жалғастыру үшін мұнай өнімдері бағасын төмендетуге тура келеді. Мен басқа нұсқаны көріп тұрған жоқпын", - деп қосты Сергей Смирнов.