Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова мемлекеттік бюджетті жоспарлауды сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бірден мәселелерге көшейін. Бюджет бір жылға түсініксіз себептермен шығындарға қаражат жетіспейтіндей етіп жоспарланған. Бұл қисынсыз, әсіресе, даму бюджеті бар екенін ескерсек - 8 пайыз немесе 1,2 триллион теңге. Егер коммуналдық қызметтерді төлеуге ақша жеткіліксіз болса, пәтерді жөндеуді жоспарламаймыз ғой", - деді спикер.
Оның айтуынша, бюджетті жоспарлауда Мемлекет басшысының бастамалары ерекше.
"Мемлекет осы ағымдағы шығындарға Ұлттық қордан ресурс бөлуге мәжбүр. Жобалар санын көбейту үшін жолдардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 50 миллиондап бюджет қаражатын бөлеміз. Кірістің үштен бірінен астамы - 36 пайызы Ұлттық қор есебінен қалыптасады. Соңғы үш жылда бұл көрсеткіш жоғары. Ал салықтық әкімшілендіру арқылы мемлекет қазынасын толықтыру резерві айқын. Өкінішке қарай, биыл мемлекеттік аудит салық және кедендік әкімшілендірудің ұлғаюына байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті жариялаған қосымша түсімдерді растамады. Жарияланғаннан 1,8 есе аз - 680 миллиад теңгенің 278-ін растай алдық", - деп қосты Годунова.