instagram/poiskoviki_pavlodara_vita
Павлодарда 18 жастағы жасөспірім жағажайда із-түзсіз жоғалып кетті, оны соңғы рет адамдар өзен жағасында көрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
VITA іздестіру жасағына 17 жастағы ер баланың жоғалғаны туралы хабар түнде жеткен. Еріктілерге хабарсыз кеткен адамның суға батып кетуі мүмкін екені де айтылған.
"Еламан орталық жағажайдағы футбол алаңының тұсында досымен бірге жүріп, оралмаған. Жағажайда адамдардың өте көп болғанына қарамастан, оның қайда кеткенін ешкім көрмеген", - деді VITA іздестірушілері.