24 ақп, 2022 сағат 18:11

Киевтегі қазақстандықтарды эвакуациялауда мәселе туындады

Фото ©REUTERS

Киевтегі қазақстандықтарды эвакуациялауда мәселе туындады. Бұл туралы "Украинадағы қазақстандықтар" чатында Қазақстан азаматтары жазып жатыр. Сондай-ақ, олар қалада байланыс нашарлағанын айтты. Киевтен шығаберісте кептеліс пайда болған. Олардың айтуынша, теміржол кассаларында кезек көп.

"Қазақстан елшілігі барлық азаматтан Львовқа келуді сұрайды. Ол жерден ары қарай жерүсті тасымалын ұйымдастырады. Мына соғыс жағдайында Львовқа қалай жетеміз? Ол 550 шақырымдай жерде", - деді қазақстандық Әлия Тұрысбекова Tengrinews.kz тілшісіне.

Кейбір отандастарымыз өздері ұйымдасып, Киевтен шығуға дайындалған. Дегенмен, әркім өз бетінше шыға алмайды. Қазақстандықтар елшіліктен Львовқа автобустар ұйымдастыруды сұрап отыр.

Осы арада Украинадағы елшілік қазақстандықтарға жүгінді.

"Украинадағы күрделі жол-көлік жағдайына байланысты қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғылықты жерінде болып, Қазақстанның елшілігімен және құрметті консулдықтарымен үнемі байланыста болу ұсынылады. Жағдай өзгерсе, қосымша ақпарат беріледі", - делінген хабарламада.

Елшілік байланыс нөмірлерін жариялады:

  • Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі - Киев, Ильенко көшесі, 26, +38 (044) 483-15-96, +38 (067) 347-04-08;
  • Львов қаласындағы Құрметті консулдық - Заменова көшесі, 3/1, +38 (032) 240-34-49, +38 (067) 370-36-10, +38 (093) 373-49-61;
  • Харьков қаласындағы Құрметті консул - Полтавский көшесі, 7, +38 (067)190-77-77;
  • Одесса қаласындағы Құрметті консулдық - Пантелеймоновск көшесі, 101/11, +38 (067) 484-57-90, +38 (048) 748-76-90, +38 (094) 949-27-52;
  • Днепр қаласындағы Құрметті консулдық - Яворницкий даңғылы, 22, +38 (098) 222-94-37.